Ақпарлама

Ақпарлама

Консультативтік пункт бойынша №33 «Әлия» бөбекжайының спорт залында дене тәрбиесі нұсқаушысы Б.Қ. Сүйіндікова «Дені сау бала тәрбиелеу – басты міндеттер» тақырыбында үй жағдайындағы балаларға арналған консультативтік кеңес өткізді.

Аталған кеңеске анасы Куангалиева Камшат қызы Бекболат Софиямен қатысып, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, қозғалыс белсенділігін арттыру және спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру жолдары бойынша жан-жақты ақпарат алды.

Кеңес барысында дене тәрбиесі нұсқаушысы ең алдымен мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қозғалыстың маңызына тоқталды. Қимыл-қозғалыс баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, бұлшық еттерінің дамуына, төзімділігі мен икемділігінің артуына, сондай-ақ көңіл күйі мен жалпы денсаулығының жақсаруына оң әсер ететіні түсіндірілді.

Нұсқаушы ата-анаға үй жағдайында арнайы құрал-жабдықсыз орындауға болатын дене жаттығуларын көрсетті. Таңертеңгі сергітуге арналған «Көңілді күн», «Құстар қалай ұшады?», «Аю қалай жүреді?», «Мысық қалай созылады?» жаттығулары орындалып, олардың әрқайсысының бала ағзасына тигізетін пайдасы түсіндірілді. Бұл жаттығулар баланың иық, қол-аяқ, арқа бұлшық еттерін нығайтып, дұрыс тыныс алу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, баланың қызығушылығын арттыру мақсатында қимылды ойын түрлері ұсынылды. Атап айтқанда, «Допты дәл жеткіз» ойыны арқылы баланың көз мөлшері мен қол қимылының дәлдігі дамытылды. «Кедергіден өт» ойынында жастықтар мен орындықтарды пайдалана отырып еңбектеу, жүру, еңкею әрекеттері орындалды. «Көңілді секіргіштер» ойыны баланың секіру дағдыларын, аяқ бұлшық еттерінің күшін арттыруға бағытталды. «Тепе-теңдікті сақта» ойыны арқылы сызық бойымен жүру, бір аяқпен тұру жаттығулары көрсетілді. Ал «Кім жылдам?» ойыны жүгіру элементтері арқылы баланың жылдамдығы мен ептілігін дамытуға мүмкіндік берді.

Дене тәрбиесі нұсқаушысы баланы спортқа қызықтыру үшін жаттығуларды ойын түрінде өткізу, көңілді музыка қосу, жаттығуларды ата-анамен бірге орындау өте маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар баланың әрбір жетістігін сөзбен мадақтау, шағын жетістік белгілерін (жұлдызша, смайлик) қолдану арқылы ынталандыру жолдары ұсынылды.

Кеңес барысында ата-аналарға арналған бірнеше тиімді лайфхактар көрсетілді:
– күн тәртібіне күн сайын 10–15 минуттық қозғалыс сәтін енгізу;
– үйдегі тұрмыстық заттарды (доп, жастық, лента) жаттығуға пайдалану;
– гаджет қолдану уақытын шектеу;
– таза ауада серуендеу кезінде қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
– баланың қимыл белсенділігіне үлгі болу.

 

Кеңес соңында ата-анаға баланың денсаулығын нығайтуда отбасының рөлі ерекше екені, ал жүйелі қозғалыс пен дұрыс ұйымдастырылған ойындар дені сау, белсенді, шыныққан бала тәрбиелеудің басты шарты екені түсіндіріліп, үй жағдайында орындауға арналған ұсыныстар берілді.

1
2
3
4
5
6

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *